БІЗ БҰДАН ДА ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ҰМТЫЛАМЫЗ

Біз үшін әлеуметтік жауапкершілік — бұл жай ғана сөз емес, ол оның қағидаларын белсенді және дәйекті түрде енгізудің себебі. Әрекет етіп, сонымен қатар көбірек жауапкершілікті алу қажет: экологиялық, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан. LR компаниясы — экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару қағидаттарын ұстанатын кәсіпорын.

4 шілде

Жасыл қақпақсыз миллион бөтелке


136

Қалдықтарды 136 тоннаға азайту


28

Электромобильдерге арналған қуаттандыру станциялары


ecologically_sustainable_1500px
Экологиялық тұрақты түрде әрекет ету

Біз үшін экологиялық тұрақты әрекет ету табиғатқа қалпына келтіруге уақыт беруді және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауды білдіреді.




Алоэ Вераны экологиялық өсіру

LR өнімдерін өндіруде қолданылатын Алоэ Вера өсімдігі, Мексика таулы өлкелеріндегі орналасқан плантацияларда LR үшін арнайы өсіріледі. Сондай-ақ, оларда экологиялық таза өндірістің тиісті сертификаттары бар. Өсімдіктерді өсіру кезінде пестицидтер немесе химиялық тыңайтқыштар қолданылмайды. Өңдеу нәтижесінде алоэдан алынған мульча табиғи тыңайтқыш ретінде қолданылады. Мульча жапырақтың ішкі мәйегін сыртқы қабықтан бөлгеннен кейін пайда болады. Жапырақтарды жинау қолмен экологиялық әдіспен жүзеге асырылады. Тек кем дегенде үш жастағы сыртқы жапырақтар ғана жиналады. Бұл өсімдікті қорғайды және пайдалы ингредиенттердің оңтайлы концентрациясын қамтамасыз етеді.


«Friend of the Sea» экологиялық балық аулау сапасының белгісі

Балықтардың әлемдік популяциясының көп бөлігі балықтың шамадан тыс аулануына байланысты қауіп астында. Осыған байланысты LR компаниясы, біздің өнімдерімізде теңізден шыққан кез келген шикізат экологиялық тәсілмен алынуына үлкен көңіл бөледі. Біз бұған тек сертификатталған ингредиенттерді қолдану арқылы қол жеткіземіз. ЛР ЛАЙФТАКТ Супер Омега Капсулаларында қолданылатын балық майы дүниежүзілік World Sustainability Organization (WOS) ұйымы тағайындайтын «Friend of the Sea» сапа белгісімен қамтамасыз етіледі. «Friend of the Sea» ұйымы теңіз ресурстарын экологиялық пайдалану саласында әлемдік көшбасшы болып табылады.


socially_sustainable_1500px
Әлеуметтік тиімділік негіздеріне сәйкес қызмет

Әлеуметтік тиімділік негіздеріне сәйкес қызмет деп жеке тұлғаның еркін дамуына ықпал ететін құрметті, адал және үлгілі жұмыс ортасын құруды және қолдауды түсінеміз. LR компаниясы қоғамның ең кішкентай және әлсіз мүшелеріне — балаларға, ерекше көңіл бөлінеді.







Балалар үшін даму мүмкіндіктері
LR ҒАЛАМДЫҚ БАЛАЛАР ҚОРЫ

LR Global Kids Fund e.V қоры 2009 жылы құрылған. Қайырымдылық компанияның, оның қызметкерлерінің, серіктестері мен клиенттерінің ұжымдық күш-жігерінен тұрады және LR өз бизнесін жүргізетін елдердегі көмек жобаларында көрініс табады. Бұл біздің LRGKF қорын ерекше етеді: оны LR қызметкерлері балаларға қайырымдылық көмек көрсету мақсатында құрған. Біз үшін транспаренттілік қағидаттарына сәйкес және ұзақ мерзімді перспективада артық бюрократизмсіз қолдау көрсету маңызды. Сонымен қатар, LR бүкіл әлем бойынша үлкен беделге ие қайырымдылық ұйымдарымен, соның ішінде RTL Foundation қорымен және SOS Children ' s Villages (SOS балалар ауылдары) бағдарламасымен бірлесіп жұмыс істейді. Қайырымдылық толығымен жергілікті жобалардың қажеттіліктеріне жұмсалады, өйткені LR барлық әкімшілік шығындарды өтейді. Қазіргі уақытта LR 17 елдегі балаларға көмек көрсететін 17 жоба аясында денсаулық сақтау және білім беру саласындағы балалар мен жасөспірімдерге көмектеседі (мысалы, оқыту, балалар мейрамханасы, тілдік тренингтер). Осы қызмет барысында LR Global Kids Fund e.V. қоры белгілі және сенімді көмек ұйымдарымен жұмыс істейді. Жергілікті деңгейде біз «Stiftung RTL – wir helfen Kindern e. V.» балаларға көмек көрсету қорымен жұмыс істейміз, ал халықаралық деңгейде біз SOS Children ' s Villages (SOS балалар ауылдары) балаларға көмек көрсететін бірқатар жобаларын қолдаймыз.


Болашақ жетістіктер үшін жақсы дене бітім
Біздің қызметкерлердің денсаулығы

Сұлулық пен денсаулық — бұл LR өнімдері туралы ғана емес, сонымен қатар біздің корпоративтік философиямыз туралы. Денсаулықты басқарудың корпоративтік бағдарламасы аясында және барлық қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мақсатында LR компаниясы 2017 жылдан бері өз қызметкерлеріне әртүрлі қызметтерді ұсынып келеді. Жұмыс орнында тұрақты медициналық кеңестерге қоса, LR барлық қызметкерлер үшін мерзімді кешенді медициналық тексерулерді ұйымдастырады. Қызметкерлердің денсаулығын сақтау қызметін басқару (OHM) сонымен қатар жыл сайынғы тұмауға қарсы вакцинацияны қамтамасыз етеді. OHM тобының консультативтік қолдауымен қызметкерлерге профилактикалық денсаулық сақтау және фитнес курстары өткізіледі. Алендағы кәсіпорынның барлық ғимараттарындағы тегін жемістер мен су кулерлері LR-де қызметкерлердің денсаулығын басқару бағдарламасын толықтырады. Сондай-ақ, велосипедтерді жалға беру схемасының көмегімен қызметкерлер климатты сақтауға көмектесе отырып, денсаулығын жақсарта алады! Корпоративті велосипедтерді жұмыс сапарлар үшін де, жеке сапарлар үшін де пайдалануға болады.


Отбасы және мансап

LR компаниясы өзінің әр бір қызметкерін бағалайды. Сондықтан біз бала туылғаннан кейін компанияға оралған аналарды немесе әкелерді мақтан тұтамыз және оларды әртүрлі жұмыс үлгілері арқылы қолдаймыз. Бұл модельдер басшылықпен келісілген барлық басқа қызметкерлер үшін де қол жетімді. Мысалы, біз жылжымалы жұмыс уақыты бар икемді жұмыс кестесін ұсынамыз. Сонымен қатар, қызметкерлер жұмысқа оралған кезде, толық емес жұмыс кестесін таңдай алады. LR сондай-ақ, мобильді жұмыс режимін де ұсынады.


Қызметкерлердің компаниямен оңай ықпалдастығы
Кәсіби бейімделу

Жаңа қызметкердің бейімделуі біз үшін маңызды рөлді атқарады. Интеграцияны жылдамдату үшін LR компаниясы кіріспе жоспарына қосымша кешенді бейімделу бағдарламасын құрды. Оның негізгі құрамдас бөлігі тәлімгерлік бағдарламасы болып табылады. LR-де жұмыс істеудің алғашқы бірнеше айларында әр жаңа қызметкер үшін жеке тәлімгер тағайындалады. Ол жаңа қызметкердің кез-келген кәсіби, жеке және ұйымдастыруға қатысты мәселелер бойынша көмек көрсетіп, барлық сұрақтарды түсіндіруге дайын байланыс тұлға. Тәлімгерлік бағдарламасы жаңа қызметкерлердің LR-ге кәсіби деңгейде де, әріптестерімен өзара әрекеттесу деңгейінде де тез ықпалдастыққа ықпал етуге арналған. Сонымен қатар, олар басынан бастап компания ішіндегі өзара әрекеттесуді үйренеді. Сонымен қатар, жаңа қызметкерлер бастапқы семинарға және компания бойынша турға қатысады.


Жас мамандарды кешенді қолдау
Оқыту тұжырымдамасы

Дарынды жастарды ілгері жылжыту және көтермелеу, сондай-ақ оларды дамыту үшін перспективті жағдайлар жасау — LR компаниясының басты міндеттерінің бірі. Осыған байланысты LR бүгінгі таңда тоғыз түрлі кәсіби бағыттарды қамтитын кешенді оқыту бағдарламасын ұсынады. Оқыту бағдарламасы тек кәсіби біліктілікті ғана емес, сонымен қатар, өзіне деген сенімділік, шығармашылық тәсілдемені және ашықтық сияқты әлеуметтік және жеке дағдыларды дамытуға бағытталған. Оқытудың орталық құрамдас бөлігі болып, тиісті менеджермен және кадрлар бөлімімен тығыз ынтымақтастық болып табылады. Біздің болашақ мамандарға арналған оқыту бағдарламамыз, теория мен практиканы тиімді жолмен байланыстырып, осының арқасында жастарға өзінің кәсіби өмірін сәтті бастауға мүмкіндік береді. 24 айлық курс барысында оқушылар компания қызметінің түрлі салаларын зерделейді және бірден жауапты міндеттерді орындауға тартылады. Олар біздің бизнесіміздің түрлі салаларына шынайы және терең енудің арқасында кез келген бағытта жұмыс істеу үшін тамаша дайындықтан өтеді. Әрине, халықаралық компания болғандықтан, біз тағылымгерлер үшін бүкіл әлем бойынша кез келген 28 кеңсемізде жұмыс істеуді ұсынамыз. Осының арқасында тағылымгерлер LR-дің халықаралық сипатын өз тәжірибелерімен бағалап, компанияның жаһандық қызметіне өз үлесін қоса алады, сондай-ақ өзінің әлеуметтік байланыстар желісін кеңейте алады.


economically_sustainable_1500px
Экономикалық тиімділік негіздеріне сәйкес қызмет

Экономикалық тиімділік негіздеріне сәйкес қызмет деп, барлық қатысушылармен адал қарым-қатынасқа негізделген экономикалық тәсілдемені табу деп түсінеміз. Сонымен қатар, біз жарқын болашақ жолында ұзақ мерзімді перспективада экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуге тырысамыз.



ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТИІМДІ БАСҚАРУ

НОРМАТИВТІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕСТІК: LR-дегі нормативтік-құқықтық талаптарға сәйкестікті басқару саясаты компанияның ішкі саясаты мен нұсқаулықтарын қоса алғанда, заңнамалық, нормативтік, шарттық және басқа да талаптардың кез келген бұзылуын болдырмауға және жоюға бағытталған. Осы саладағы міндеттерді көрнекі түрде көрсету үшін біз тең қарым-қатынас, адал бәсекелестік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыйлықтар қабылдау және қоршаған ортаны қорғау сияқты маңызды салаларды реттейтін кодексті әзірледік. Ішкі аудит бөлімі, халықаралық қаржы бөлімі, заң және кадр бөлімі, сондай-ақ нормативті-құқықтық сәйкестік бөлімінің өкілдерінен құралатын нормативті-құқықтық сәйкестік комитеті үйлестіру және есеп беру мақсатында жүйелі түрде жылына бірнеше рет отырыстар өткізеді. Отырыстарда осы саладағы күрделі жағдайлар, жаңа заңдар, LR компаниясы бар басқа елдердің есептері, сондай-ақ жақсарту мүмкіндіктері талқыланады. Бұл әсіресе LR көптеген нарықтарда жұмыс істейтіндіктен, сондай-ақ өнім ассортиментінің үнемі жаңарып отыруына және сыртқы факторлардың тез өзгеруіне қатысты, мысалы, заңнамадағы өзгерістерге байланысты өте маңызды болып табылады.


ТЕҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС, ТӨЗІМДІЛІК ЖӘНЕ ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР

ӘРТҮРЛІЛІК: Әлеуметтік ағза болғандықтан, LR компаниясы, жалпы қоғам сияқты, әр түрлі қажеттіліктері бар тәуелсіз тұлғалардың ерікті бірлестігі болып табылады. Сонымен қатар, әркім өзінің білімін, ойының шығармашылық ұшуын және жағдайға деген көзқарасын жалпы іске қосады. Бұл әртүрлілікті біз компаниямыздың абыройы ретінде қарастырамыз. Біз өз қызметкерлерімізді жоғары бағалаймыз. Біз жынысына, дініне, жасына, жыныстық бағдарына немесе тері түсіне қарамастан, әр тұлғаның бірегейлігін мойындаймыз. Біз бір-бірімізден үйренеміз және жеке тұлғаның даралығын құрметтейміз. Ойлаудың әртүрлі тәсілдері жаңа перспективаларды ашады. Бұл жақсы болашаққа жаңа жолдармен жетелейтін жаңа шығармашылық идеялардың пайда болуына ықпал етеді. Алуан түрлілік пен өзгергіштік біздің қызметкерлеріміз үшін де, Серіктестеріміз үшін де үлкен әлеуеттің ашылыуына ықпал етеді. Ол ашықтық, төзімділік, шығармашылық және жұмыс пен ойлаудың өнімділігін ынталандырады.


КОМПАНИЯНЫҢ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕРІНДЕ ҚҰРМЕТ ПЕН АДАЛДЫҚ

ТӘРТІП КОДЕКСІ: LR —қызметкерлер мен іскери серіктестерге адал және құрметпен қарауды қолдайтын және кез-келген коммерциялық қызметте сенімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін адал компания. Біздің мінез-құлық кодексіміз ұзақ мерзімді жетістігіміздің негізгі факторы болып табылады: әр менеджер мен әр қызметкер өз әріптестеріне, компанияларына және іскери серіктестеріне құрмет, шынайылық және адалдық танытуға міндетті.


Осы өзара қабылданған кодекстің негізгі қағидаттары...

...қызметкерлерге қатысты:

  • Адал және әдепті мінез-құлық
  • Адал төлем және кәсіби дамуға жәрдемдесу
  • Жынысына, дініне, жасына, жыныстық бағдарына немесе тері түсіне қарамастан барлық деңгейлерде тең қарым-қатынас
  • Өзара ашықтық және барлық ақпараттың құпиялылығын сақтау

...іскерлік серіктестерге қатысты:

  • Клиентке бағдарлану және өнімнің мінсіз сапасы
  • Адалдық пен бейілділік
  • Парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерінен бас тарту
  • Жеке және коммерциялық деректерді қорғау
  • Барлық халықаралық талаптар мен заңдарды сақтау