Деректерді қорғау
LR Health & Beauty Systems GmbH (LR) компаниясының құпия сақтау саясаты

Деректерді қорғау бойынша осы мәлімдемеміз арқылы біз, ҚР-ғы ЖШҚ «ЛР РУС» филиалы компаниясы, веб-сайтымызға (www.lrworld.com) келіп кіруші ретіндегі жеке деректеріңізді қалай өңдеп, қолданатынымыз туралы Өзіңізге мәлімет бергіміз келіп отыр. ҚР-ғы ЖШҚ «ЛР РУС» филиалы компаниясы “Деректерді қорғау бойынша жалпы регламентінің” (GDPR) және мәліметтерді қорғау туралы басқа да заңдар. Біздің веб-дүкеніміз үшін (shop.lrworld.com) сол дүкеніміздің веб-сайтында берілетін деректерді қорғау бойынша мәлімдемесі күште болатынына назар аударыңыз.

1. Біз жеке деректердің қайсысын, қай мақсатпен және қай құқықтық негізінде өңдейміз?
Жеке деректер болып Өзіңіз арқылы бізге хабарлаған белгілі бір немесе белгілене алатын бір жеке тұлға туралы деректер, осы жеке тұлға туралы өзімізде пайда болатын немесе өзіміз арқылы басқа түрде жиналатын деректердің барлығы саналады. Біздің веб-сайтымызды қолдануға байланысты болғандықтан біз Өзіңіз туралы келесі деректерді өңдейтін боламыз:

1.1 Деректерді байланыс формулярына енгізу
Бізбен байланаса алу үшін Сіз өз деректеріңізді осы сайтымызда қойылған байланыс формулярына енгізе аласыз немесе өз деректеріңізді бізге электрондық пошта арқылы жібере аласыз.

1.1.1 Деректерді өңдеудің көлемі мен мақсаты.
Мәліметтеріңізден Өзіңіз LR компаниясының тауар өткізу жүйесінде серіктесіміз болғыңыз келгені белгілі болған жағдайда біз осы деректеріңізді Өзіңізді біздің серіктес ретінде қарастыру үшін өңдеп, Өзіңіздің сауалыңыз бен мәселелеріңізді мүмкіншілігенше жылдам қарастырылуын қамтамасыз ету үшін, LR компаниясының тауар өткізу жүйесі үшін жауапты концерн кәсіпорны мен сату серіктестеріне беретін боламыз. Егер Сіз LR компаниясының шетелдегі серіктесі болғыңыз келсе, деректеріңізді шетелдегі жауапты құрылымдық бірлігіне жіберетін боламыз. Біз, жоғарыда аталғандай, деректеріңізді Өзіңіз арқылы қойылатын сауалыңызға жауап бере алу үшін немесе Өзіңізге қалаған мәліметтерді ұсына алу үшін сақтап және өңдеп отырамыз.

1.1.2 Деректерді өңдеу үшін құқықтық негізі
Деректерді өңдеу үшін құқықтық негізі болып, егер Сіз мүдделі тұлға ретінде сауалмен (конклюденттік әрекет) өз деректеріңіздің өңделуімен келіскеніңізді білдірткеніңізде, “Деректерді қорғау бойынша жалпы регламентінің” (GDPR) 6шы бабының 1ші абзацындағы “a” әрпі астындаңы тармағы саналады. Электрондық пошта арқылы жіберілген хаттар арқылы келісім-шарттардың жасасуы көзделген жағдайларда, “Деректерді қорғау бойынша жалпы регламентінің” (GDPR) 6шы бабының 1ші абзацындағы “b” әрпі астындағы тармақ қосымша құқықтық негізі ретінде саналады. Сауалдардың басқа түрлері бойынша “Деректерді қорғау бойынша жалпы регламентінің” (GDPR) 6шы бабының 1ші абзацындағы “f” әрпі астындағы тармақ құқықтық негізі болады, себебі деректеріңізді, Өзіңіздің сауалыңыз бен іс-мәмілеңізді орындау мақсатпен өңдеп сақтау біздің мүддемізге жатады.

1.1.3 Деректердің сақталу мерзімі
Деректер, олардың жиналу мақсатына жете алу үшін керексіз болып қалған сәттен бастап өшіріліп қойылатын болады. Өзіңіздің жеке деректеріңіздің сақталуы, сонымен қатар, өзіміз ұстанатын Еуропа Одағының және елдердің регламенттері, заңдары немесе басқа ұйғарымдары арқылы қарастырылған болған жағдайларда да өткізілуі мүмкін.

1.2 Өтінішті онлайн түрде беру үшін байланыс нысанға енгізілетін деректер
Өтінішті онлайн түрде беру үшін, Сіз өз деректеріңізді қалдыруыңызға, жүктеуіңізге немесе оларды осы веб-сайттағы арнайы байланыс формасы арқылы электрондық пошта арқылы жіберуіңізге болады. Өтініш беру кезінде келесі жеке деректер жиналады және өңделеді: - Байланыс мәліметтері (аты-жөні, мекен-жайы, телефон нөмірі, электронды пошта мекен-жайы) - Өтініш беруге қажетті құжаттар: (ілеспе хат, резюме, сертификаттар және т.б.)

1.2.1 Деректерді өңдеудің аумағы мен мақсаты
Біз деректерді тек бос орынды толтыру мақсатында ғана сақтаймыз және өңдейміз. Егер шетелде жұмысқа орналасу қызықтырса, онда сіздің деректеріңізді шетелдегі тиісті бөлімге жібереміз. Тек авторизациядан өткен қызметкерлер ғана, өтініш берушінің деректеріне қол жеткізе алады.

1.2.2 Деректерді өңдеудің құқықтық негіздері
Деректерді өңдеудің құқықтық негіздері - жеке деректерді қорғау туралы Еуропалық Одақтың Жалпы Тәртіптерінің 6-бабы, 1-бөлімі, b тармағы.

1.2.3 Деректерді сақтау ұзақтығы
Өтініш өңделгеннен кейін, және заңды тараптан ешқандай қызығушылық танытпаса, деректер бірден жойылады. Осылайша, егер өтінішті қарау еңбек келісім-шарттын жасасумен аяқталмаса, сіздің деректеріңіз 6 айдан кешіктірілмей жойылады.

1.2.4 Ерекше жағдай: Кәмелетке толмағандардың өтініштері
18 жасқа толмаған тұлғалар, өздерінің заңды өкілдерінің келісімін алуға тиіс.

1.3 Жеке деректерді өңдеуге арналған келісімді байланыс нысаны арқылы кері қайтару мүмкіндігі
Жеке деректеріңізді өңдеп сақтау бойынша берген келісіміңізді әр уақытта қайтарып алу үшін мүмкінішілігіңіз бар. Осындай жағдайларда бұл сұрақтар бойынша ешбір талқылау жалғастырыла алынбайды. Бұл жағдайда, байланыс орнату жұмыстары барысында сақталған деректердің барлығы, олардың сақталу уақыты құқықтық себептерден, ағымдағы уақытта талап етілмесе (мысалы, Германияның Шаруашылық кодексі арқылы қарастырылған іс құжаттарды сақтау талабы), өшірілетін болады.

1.4 Қолдану бойынша деректер / Трафик бойынша деректер
Сонымен қатар, біз “Cookies” деп аталатын файлдардың көмегі арқылы осы веб-сайтымызға келіп кіргеніңіз және сайтымызды қолданғаныңыз туралы деректерді де жинап отырамыз. Бұл мәселе бойынша нақтырақ мәліметтерді 3ші тармақ астында қараңыз.

1.5 Веб-сервердің жүйелік журналының деректері
Біздің веб-сайтымызды қолданғаныңызда серверлерімізде осы әрекет туралы деректер (мысалы, Өзіңіздің веб-сайтымызға келген күні мен уақыты, қай беттерді ашып, оларға кіргеніңіз туралы деректер, сонымен қатар, ашқан файлдар, Өзіңіздің қолданатын веб шолғышыңыздың түрі мен нұсқасы, Өзіңіздің қолданатын электрондық құралыңыздың түрі мен операциялық жүйесі, сонымен қатар, IP мекен-жайыңыз) уақытша тіркеу журналында сақталып қойылады. Веб-сервердің жүйелік журнал деректердің өңделуі веб-сайттарды ұсыну және қызметтер көрсету үшін техникалық себептерінен және, осыған қарай, жүйелік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін талап етіледі. Деректерді өңдеу үшін құқықтық негізі болып өзіміздің қызметтерімізді сипаттайтын веб-сайтымызды ұсына алуымыз орынды және заңды мүдделеріміз болып саналады (Деректерді қорғау бойынша жалпы регламентінің” (GDPR) 6шы бабының (1) “f” әрпі астындағы тармақ). Веб-сайтымызды қолдана алуыңыз үшін Өздеріңіздің деректеріңізді өңдеу міндетті түрде талап етіледі, осыған байланысты Пайданушалар тарабынан қарсылық беруге ешбір құқықтары жоқ. Осы деректер ең кеші 30 күннен кейін өшіріліп қойылатын болады.

2. Сілтемелер
Веб-сайттарымызда біз үшінші тараптардың веб-сайттары мен қызмет парақшаларында, мысалы, Facebook, Twitter немесе Youtube әлеуметтік желілерінің каналдарында орналасқан өзіміздің басқа веб-сайттарымызға сілтемелер береміз. Осындай жағдайларда басқа қызмет көрсетушілердің өздерінің веб-сайттарындағы деректерді өңдеу үшін тек қана осы үшінші тараптар жауапты болып, деректерді қорғау бойынша осы үшінші тараптардың нұсқаулары күште болады.

3. “Cookies” файлдары
Өзіміздің веб-сайттарымызды пайдаланушылар үшін оңайырақ және тартымдырақ қылу үшін және өзіміздің жарнамамыздың маңыздылығын веб-сайттарымызға келушілер үшін арттыра алу үшін, біз және біздің серіктестеріміз “Cookies” деп аталатын файлдарын қолданамыз. “Cookies” файлдары Пайдаланушының электрондық құралының қатқыл дискіс3нде сақталып қойылатын шағын файлдарын білдіреді. Осы “Cookies” файлдарының арқасында деректердің белгілі бір уақыт ішінде сақталып, веб-сайтқа келіп кірушінің компьютерінің танылып, белгелей алуын мүмкін қылады. Осы белгілеу сонымен қатар “ізіне түсу пикселі” (tracking pixel) деп аталатын мүмкіншілігін қолдану арқылы да өткізе алынады - ол Пайдаланушының қатқыл дискісінде орналастырылмаса да, “Cookie” файлдарындай Пайдаланушы компьютерін белгілей алу үшін пайдалы болады. „Cookie“ деген ұғым осы мәтінде бұдан әрі техникалық мәнінде қолданылатын „Cookie“ файлдарын да, “ізіне түсу пикселін” (tracking pixel) де, және осыларға ұқсас басқа техникалық әдістерін де белгілеу үшін қолданылады. Біздің веб-сайттарымызға алғашқы рет келіп кіргеніңізде сайттың бастапқы бетінде Өзіңізге деректерді қорғау бойынша нұсқау беріліп, келісім бойынша мәтіні “Cookies” ретінде көрсетілетін болады. Веб-сайттарды әріғарай қолдана бергеніңізде және “Cookies” файлдарының қолдануына қарсы болғаныңызды білдіртпей, осылармен келіссеңіз, осы келісім мәтіні шолғышыңызда сақталып, осының арқасында біздің нұсқауымыз Өзіңізге веб-сайтымыздың әр бетінде жаңадан көрсетіле берілмеуі қамтамасыз етіліп отырады. Ал шолғышыңызда осы нұсқауымыз көрсетілмеген жағдайда (мысалы, шолғыш журналын өшіріп тастағаныңызда) осы нұсқауымыз Өзіңіз біздің веб-сайттарымызға қайта келгеніңізде қайта көрсетілетін болады.

3.1 Біз “Cookies” файлдарының қандай түрлерін қолданамыз?
Өзіміздің веб-сайттарымызда біз “Cookies” файлдарының екі түрлерін қолданамыз: (1) Өздері қолданылмаған жағдайларда веб-сайтымыздың функционалдық мүмкіншіліктерінің шектеліп қалуына апара алатын, техникалық тұрғыдан міндетті түрде керек болатын “Cookies” файлдары мен (2) қосымша талдау, бағыттау немесе жарнамалық “Cookies” файлдары.

3.1.1 Техникалық тұрғыдан міндетті түрде керек болатын “Cookies” файлдары
Веб-сайттарымызда еркін жылжуыңыз үшін және олардың функционалдық мүмкіншіліктерін қолдана алуыңыз үшін, осы “Cookies” файлдарының қолданылуы міндетті болады. Осы “Cookies” файлдары Өзіңіз туралы маркетинг мақсаттарымен қолдана алынатын ешбір мәліметтерін жинамайды немесе Өзіңіздің ғаламторда қай жерлерге барғаныңыз туралы мәліметтерді сақтамайды. Осы “Cookie” файлдары тек қана веб-сайтқа кіруіңізге байланысты болып, веб-сайттан шыққан уақытта (отырыс аяқталғанда) өз өздерімен өшіріліп отырылады. “Cookie” файлдарының осы түрін қатерсіздендіру әрекеттері веб-сайттарының функционалдық мүмкіншіліктерін толығымен немесе жартылай шектеп жіберуі мүмкін.

3.1.2 Талдау “Cookie” файлдары
Осындай талдау “Cookie” файлдары арқылы Пайдаланушылар веб-сайтты жалпы қалай қолданатыны туралы мәліметтерді, мысалы, Пайдаланушылар арқылы қандай веб-сайттар ең жиі түрде ашылғаны туралы немесе Пайдаланушылар веб-сайттардан қателер туралы хабарламаларды алғаны туралы мәліметтерді, тіркейді. Осы талдау “Cookie” файлдары арқылы Пайдаланушылардың жеке деректері туралы ешбір мәліметтер жинала алынбайды. Осындай талдау “Cookie” файлдары арқылы жиналған мәліметтер тек қана веб-сайттардың функционалдық мүмкіншіліктері мен қызметін түсіне алу үшін және арттыру үшін қолданылады. “Cookie” файлдарының осы түрін катерсіздендіру әрекеттері веб-сайттарымыздың функционалдық мүмкіншіліктерін ешбір түрде шектемейді. Қазіргі уақытта біз осы категория бойынша және “Google Analytics” (3.1.2.1 Google Analytics тармағы) “Cookie” файлдары мен “ізіне түсу” технологияларын қолдданып келе жатырмыз.

3.1.2.1 Талдау “Cookie” файлдары
Осы веб-сайт бойынша талдау жасау үшін біз, сонымен қатар, “Google Inc.” компаниясының “Google Analytics” веб талдау қызметін пайдаланамыз. Осы веб-сайтты қолдануыңыз туралы “Google Analytics” қызметі арқылы жиналатын мәліметтер “Google” компаниясының АҚШ-та орналасқан серверіне жіберіліп, сонда сақталатын болады. Осы веб-сайттағы IP мекен-жайының анонимизациясы арқасында Өзіңіздің IP мекен-жайыңыз “Google” компаниясы арқылы Еуропа Одағының мүше елдерінің немесе Еуропалық Экономикалық Қауымдастығының басқа мүше мемлекеттерің шеңбері ішінде қысқартылған қалпында көрсетілетін болады. Бұл веб-сайт “Google Analytics” веб талдау қызметін пайдаланады. Осы қызметтің ұсынушысы: “Google Inc.” компаниясы, мекен-жайы: 1600 Amphitheatre Parkway Mountain View, CA 94043, АҚШ. “Google Analytics” қызметі “Cookies” деп аталатын мәтін файлдарын қолданады. Осы веб-сайтты қолданғаныңыз туралы “Cookie” файлдары арқылы жиналатын мәліметтер әдетте “Google” компаниясының АҚШ-та орналасқан серверіне жіберіліп, сонда сақталатын болады. Осы веб-сайттағы IP мекен-жайының анонимизациясы белсендірілген жағдайларда Өзіңіздің IP мекен-жайыңыз “Google” компаниясы арқылы Еуропа Одағының мүше елдерінің немесе Еуропалық Экономикалық Қауымдастығын басқа мүше мемлекеттерің шеңбері ішінде қысқартылған қалпында көрсетілетін болады. Тек қана ерекше жағдайларда IP мекен-жайы толық түрінде АҚШ-та орналасқан серверіне жіберіліп, сонда сақталатын болады. Осы веб-сайттың иесінің тапсырысы негізінде “Google” компаниясы Өзіңіздің осы веб-сайтымызды қолдануыңызды талдау үшін, веб-сайт иесі үшін оның веб-сайтына кірген қолданушылар бойынша баяндама жасау үшін, және осы веб-сайтты және ғаламторды қолдануға қатысты басқа қызметтерді ұсыну үшін қолданылатын болады. “Google Analytics” қызметі шеңберінде Өзіңіздің шолғышыңыздан белгіленген IP мекен-жайыңыз ешбір түрде “Google” компаниясының басқа деректерімен сәйкестіндірілмейтін және байланыстырылмайтын болады. “Cookie” файлдарының сақталуының Өзіңіздің шолғыш бағдарламалық жасақтамасын лайықты түрде реттеу арқылы болдыртпауыңызға болады; алайда, бұл жағдайда осы веб-сайттың барлық функцияларын толық көлемінде қолдана алмай қалуыңызға назарыңызды аударамыз. Сонымен қатар, Сіз “Cookie” файлдары арқылы шығарылған және веб-сайтты қолдануыңызға қатысты деректерді (IP мекен-жайыңызбен бірге) “Google” компаниясына жіберуді және осы деректерді “Google” компаниясы арқылы өңдеуін, төменде берілген сілтеме астында қолжетімді шолғыш плагинді қотарып орнату арқылы болдыртпай қоюыңызға болады: http://tools.google.com/dlpage/gaoptout?hl=de. Шолғыш кеңейтуіне қосымшасына (“browser add-on”) немесе мобильді құрылғылардағы шолғыштарына баламалы түрде келесі әрекетті жасауыңызға болады: осы веб-сайт шеңберінде келешекете “Google Analytics” қызметі арқылы деректердің жиналуын болдырмау үшін осы сілтемені басыңыз (қызметтен бас тарту “(opt out”) тек қана осы шолғыш үшін және тек қана осы домен үшін қолданыла алынады). Бұл жағдайда қызметтен бас тарту (“opt out”) бойынша “Cookie” файлдары Өзіңіздің компьютеріңізде сақталатын болады. Осы шолғыштағы “Cookie” файлдарының барлығын өшіргеніңізде бұл сілтемені қайтадан басуыңыз керек болады. “Cookie” файлдарының осы түрін катерсіздендіру веб-сайттарымыздың функционалдық мүмкіншіліктерін ешбір түрде шектемейді.

3.2 Құқықтық негізі
“Cookie” файлдары арқылы жиналған деректерді біз “Деректерді қорғау бойынша жалпы регламентінің” (GDPR) 6шы бабының 1ші абзацындағы “f” әрпі астындағы тармақ құқықтық негізінде өңдейміз, себебі деректеріңізді Өзіңіздің сауалыңыз бен іс-мәмілелеріңізді орындау мақсатпен өңдеп сақтау біздің мүддемізге жатады. “Cookie” файлдары арқылы жиналған деректердің өңделуімен келіспеушілігіңізді әр уақытта жоғарыда берілген бас тарту (“opt out”) бойынша сілтемелерді басу арқылы білдіруіңізге болады.

4. Деректерді үшінші тараптарға беру
Байланыс формуляры арқылы Өзіңіз сауал қойған жағдайлардан (1.1 тармағы) басқа жағдайларда біз Өзіңіздің жеке деректеріңізді үшінші тараптарға бермейміз. Біз әсіресе ешбір жеке тұлғалардың мекен-жайлары немесе деректерін сатумен айналаспаймыз. Өзіңіздің деректеріңіз тек қана компаниямыз немесе өзімізге тапсырыстарды өңдеу бойынша келісім-шарттары шеңберінде ИТ саласында қызмет көрсететін серіктестеріміз арқылы өңделетін болады.

5. Қауіпсіздік
Өзіңіздің жеке деректеріңізді жоғалып кетуден, қате түрде жасалған өзгертуден немесе рұқсат етілмеген түрде үшінші тараптардың қолдарына түсіп қалудан сақталуын қамтамасыз ету үшін біз лайықты техникалық және ұйымдастырушылық шараларын қолданып жүреміз. Осы шаралар әрдайым жақсартылып келетін техникалық мүмкіншіліктеріне лайықтанып отырады.

6. Байланыс бойынша мәліметтер
Деректерді қорғау тақырыбы бойынша сұрақтар мен ұсыныстарыңыз біз үшін өте маңызды бола отырып, біз оларды әрқашан риза білдіре отырып қабылдаймыз. Бізбен келесі байланыс мекен-жайымыз арқылы байланаса аласыз: Жауапты орын: ҚР-ғы ЖШҚ «ЛР РУС» филиалы, ҚР, 010016, Астана, Б. Майлин к-сi, 20/10-шы үй ; order.KZ@LRworld.com Біз, Өзіңіздің жеке деректеріңізді өңдеу үшін Өзіңізді тікелей немесе тікелей емес түрде жұмысқа тартқан серіктестерімізбен бірге жаупты болғанымызға назарыңызды аударып отырмыз (“Деректерді қорғау бойынша жалпы регламентінің” (GDPR) 6шы бабы). Деректеріңізді қорғау бойынша құқықтарыңызға қатысты талаптарыңызды қою үшін бізбен байланысуыңызды өтінеміз.

7. Өзіңіздің құқықтарыңыз
“Деректерді қорғау бойынша жалпы регламентіне” (GDPR) сай, Сіз бізден деректеріңіз бойынша мәлімет беруді, деректеріңізді түзету, өшіру және деректердің өңделуін шектеуді талап етіп, деректерді басқаларға беру бойынша және Өзіңіздің, жоғарыда жазылғандай, деректерді қайтарып алу құқықтарыңызды қолдану және берген келісіміңізді қайта шақыруға құқылысыз. Деректерді қорғау бойынша жалпы регламенті” (GDPR) талаптары осы құқықтардың лайықты шарттарға байланыстырылғанын талап еткен жағдайларда осы құқықтар тек қана осы лайықты шарттар орындалғанда ғана қолданыла алынады. Өзіңіздің құқықтарыңыздың жүзеге асырылуын талап ету үшін жоғарыда берілген байланыс мекен-жайлары арқылы байланысуыңызды өтінеміз. Құқықтарыңыздың жүзеге асырылуын талап еткен уақытта, рұқсатсыз түрде үшінші тараптарға мәлімет берілмеуін қамтамасыз ету үшін, Өзіңіздің жеке басыңызды куәландырылуға тиістісіз. Сонымен қатар, құзыретті бақылау мекемесінде шағым арызын қоюға құқылысыз. Өзіңіздің деректеріңіздің өңделуінің заңдылығы бойынша күмән пайда болған жағдайларда, осы күмәнді мәселені тексереуімізді қамтамасыз ету үшін, бізге осы туралы хабарлауыңызды өтінеміз.

8. Деректерді қорғау бойынша мәлімдемесіне өзгертулер енгізу
Кейде осы деректерді қорғау бойынша мәлімдемесінің мәтінінің өзгертілуі қажет болуы мүмкін. Сондықтан біз осы мәлімдемені әр уақытта өзгертуге құқылымыз. Біз деректерді қорғау бойынша мәлімдемесінің жаңа нұсқасын да осы жерде жариялайтын боламыз. Сондықтан біздің веб-сайтымызға тағы бір рет кіргеніңізде деректерді қорғау бойынша нұсқауларын тағы да қайта оқып шығуыңыз лазым.